Өлеңдер ✍️

  06.06.2022
  120


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАРА НИЕТ

Қара ниет,
Қайырымсыз болсам,
Байлық-бағыңды берме, Тәңірім.
Асқақтап сөйлеп,
Алжасар болсам,
Шалқытар шағыңды берме, Тәңірім.
Екі жүзді,
Өтірікші болсам,
Ақжол, арайлы таңыңды берме, Тәңірім.
Тобамнан,
Жаңылар болсам,
Алтынды тағыңды берме, Тәңірім.
Тұрсам да, жүрсем де,
Жыласам да, күлсем де.
Бір өзіңнің әмірің О, жаратқан Тәңірім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу