Өлеңдер ✍️
Көгілдір кеш
І
Тағы да қараңғы,
Тағы да паң төсі.
Қою түн келгесін,
Көз алдым жұлдыздың сәулесі.
Тарқатып бұрымын таранды,
Айсәуле айна ғып көл бетін.
Ұйқысын тербетем жырыммен,
Көгілдір түніме ғашықпын.
Тағы да көз ілмей бүгін мен,
Көгілдір әлемге сіңуге асықтым.
Білем ғой олардың от демі,
Жұлдыздар аққанда тайғанап,
Қимастық сезімнің сәттері,
Не деген тәтті еді?!
Бір тамшы жас болып,-
Әр мұңым,
Жұлдыздай аспаннан жол тартып,
Ақты енді.
Білсе ғой...
Мендегі от – жалын ұқсайды толқынға,
Көк күмбез – сендерде жыр-өлең,
Лақтырған найзасын ұшына жар – құздың,
Толқындар,
Шаншылып, аспанды тіреген!
2
Тағы да қараңғы,
Тағы ды паң төсі,
Қою түн келгесін.
Тірейтін орын жоқ табанды,
Періште қағады қанатын.
Осында болса ғой ән кеші,
Дыбыстар ағатын.
Мен саған тыныштық бермеспін,
Сен маған тыныштық бермеші,
Ол солай болмаса,--
Күні ғой болатын!
Тағы да қараңғы,
Тағы да паң төсі.
Қою түн келгесін,
Ай болып бетіңде мең тұрар,
(Сұлудың көркі бар)
Толқынға жел құмар,
Көгілдір келбеттім!
Көркі де сен шығыр,-
Жер – көктің!
Содан да шөлдеттің.
Сен маған тыныштық бермедің,
Дегенмен,
Мен саған тыныштық бермеспін,
Өлеңмен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter