Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.06.2022
102
СЕНДЕЛУ…
Жұлдызың түндерімнен шеттегенде,
Ұмтылам, ұшатындай көкке мен де.
Уақыттың өткеніне өкінбес ем,
Өзіңді бірге ертіп кетпегенде.
Сипалап таңдарымның əр атқанын,
Тырмалап кештерімді парақтадым.
Сезбес ем, қоштасқанын көктемнің де,
Көрмесем, се(ні)мен лесіп баратқанын.
Көңілім көз жасынан гүлдегенде
Елесің ескерткіш боп мұңлы өлеңге.
Қас қағым болса да өмір, қайғырмас ем,
Жиырма жыл сенсіз өмір сүрмегенде.
Тағдырым тағы мені алдаған ба,
Алдасын, зарланам ба, таңданам ба…
Сенің де жоқтығыңа мұңаймас па ем,
Өзіммен өзім жалғыз қалмағанда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter