Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
112
11 хат
Жазаңды бер, қаза болған ей, күнім,
Сенің – шаттық, менің – қайғы, «жейтінім».
Сенің кінəң – көктен құлайтындығың,
Менің кінəм – лажсыз күлімдейтінім!
Азабым бол, ажалы мол өмірім,
Енді мені жеңе алмайды өлімің.
Күннен, Гүлден шаршап біткен өзімді,
Түнге тағы тарта берді көңілім...
Мазамды алшы, Аза тұнған ей, түнім,
Шайырыңның көзі – күлкі, кейпі мұң.
Менің кінəм – жырмен мүсіндейтінім,
Сенің кінəң – жырды түсінбейтінің!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter