Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
116
ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР
Өтірік пен шынын,
Кебегі мен ұнын,
Асылы мен құмын,
Көрсең-дағы мың сан,
Ажырату қиын.
Көктемі мен қысын,
Астары мен тысын,
Сырты менен ішін
Айыра алмай тұрсаң,
Аз болғаны миың.
Кеше жəне бүгін,
Қазір жəне бұрын,
Белгілі боп сырың,
Бəсең шықса үнің,
Бола қоймас сыйың!
Бəйтерек пе, тал ма,
Жас па, əлде шал ма,
У ма, əлде бал ма?!
Шыр айналтып қояр
Өмір деген құйын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter