Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  96


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бас болмас бір үйірге екі бөрі...

Бас болмас бір үйірге екі бөрі,
Бір жанды айналдырмас екі пері.
Симайды бір қазанға екі қошқар,
Шықпайды бір қойдан де екі тері,
Болмайды бір адамда екі жүрек,
Мың мысқал бола алмайды екі келі,
Тастаған тұтас затты екі бөліп,
Түбінде опық жейді, өкінеді,
Екінің қадіріне жете алады
Адамның ашық болса көкірегі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу