Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
129
Бүркіттің де ұябасары мен шəулісі...
Бүркіттің де ұябасары мен шəулісі,
Есектің де мəшісі мен əңгісі,
Болатының түсінсек те қашанғы,
Жəукемдейді əлсіздерді əлдісі.
Деген сауал кептелгенде көмейге,
Жауап таппай қиналады əр кісі.
Бел болған соң белдік керек буатын,
Кір-қоңға да сабын керек жуатын.
Үйректі де қыран болар ілетін,
Түлкіні де тазы болар қуатын.
Табиғаттың тылсымына үңілсең,
Тіршіліктің көргендейсің мұратын.
Ұрыға да жасалғанмен тор-қамау,
Өз бетімен кеп түспейді орға жау.
Əділет пе ғаділетті қоғамда
Кішілерді үлкендерден қорғамау.
Табылатын орын саған, оған да,
Мына дүния шынында да жалған-ау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter