Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  118


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ТАҒДЫРЫМА ЫРЗАМЫН МЕН!

Тағдырыма ырзамын мен,
Аталардың қолын қыстым,
Ағалармен қатар жүріп,
Құрдастармен суға түстім,
Қанша жерді танып-біліп,
Замандаспен сусын іштім.
Бардым талай жиын-тойға,
Көрдім татып бұйырғанын.
Алдым шақтап тұла бойға,
Тіршіліктің бұйымдарын,
Бір Алладан басқасына
Құлдық ұрып сиынбадым.
Тартып тағдыр мазағын да,
Өтер жалған көрген түстей.
Қиын-қиын қазағыма,
Отыру да күйіп-піспей,
Аз болмапты азабым да,
Шүкір, шүкір... деймін іштей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу