Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
120
Болғанмен күнім ыстық, айым жарық...
Болғанмен күнім ыстық, айым жарық,
Ел-жұртын жүргендер аз ойына алып.
Бүтін жан қол-аяғы бейнет көрмей,
Біле ме сырқат жанның жайын барып.
Аулаймын деген адам жайын балық,
Келмей ме алдын ала дайындалып,
Бір күнгі көрген қызық аңшыны да
Сергітер аз да болса уайым қалып.
Біреудің кім біледі ойын барып,
Жатқан бар сұр жыланды қойынға алып.
Жігіттер, тұрған шақта бойыңда құт,
Тұрлаусыз жалған жайлы пайымдалық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter