Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  217


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Тар жолында тағдыр атты өткелдің...

Тар жолында тағдыр атты өткелдің,
Төсін соққан жігіттерді көп көрдім,
Үй ішінде мінездерін ұнаттым,
Сыртта жүрсе қылықтарын жек көрдім.
Мен де кейде мінезімен еркектің,
Қылықтарын жасап жүрдім теңтектің.
Шынымды айтсам, сағынамын қазір де
Батырларын эпос пенен ертектің.
Төсім қыстау, жағам жайлау, кел көріп,
Екі ортада көшіп жүрдім сенделіп.
Тек осынау екі келмес өмірде
Өтсем деймін еркек емес, ер болып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу