Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
109
Таң жарығы білінген мезгіл еді...
Таң жарығы білінген мезгіл еді,
Көл жағасын мөлтілдеп шық басқанда.
Қауіп-қатер төнді ме, сезді нені,
Шүрегейлер қиқулап шықты аспанға.
Кейбірі əлсіз қанатын сермеді ме,
Тап болғандай тағдырдың ауыр сыны?!
Жыртқыш құстың ілініп шеңгеліне,
Ұшып жатты жұлынған қауырсыны.
Көтерілген тобымен жер төсінен,
Болса-дағы көп үйрек жоқ керегі,
Бүріп тастап біреуін желкесінен,
Келесіге тағы да тап береді.
Кімнің соры, білмедім, кімнің бағы,
Бірнеше құс қимылсыз қалды қатып.
«Қанағатсыз жыртқыш-ай!» – дедім-дағы,
Көздеп тұрып мылтықпен салдым атып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter