Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
90
КАРЛДЫҢ ҚАЙНАР БАСТАУЫ
Корольдар мен шейхтардың, сұлтандардың қаласы,
Жер мен көктей қара халық екеуінің арасы.
Қалталылар қаптап жүрсе, саудаласу тым қиын,
Көз тартатын базарлықтың удай екен бағасы.
Осы жерде емделіпті талай мықты дарындар,
Ақындар мен музыканттар, суретшілер, ғалымдар.
Ем алуға, демалуға келгендер көп шалғайдан,
Төлемақы жасағанға қай жерде де орын бар.
Ойып тұрып орын апты əрбір елдің патшасы,
Алса қайттік, шашып жатқан өзгелердің ақшасы.
Өзен көрдім сарқыраған тас құлатар қуаты,
Қандай ағын су болса да, оның да бар тоспасы.
Биік жартас, жақпар құз-тас, белгі орнатқан əр тұста,
Болған мұнда Бетховен де, Гете менен Маркс та.
Қанша жүрсең жалықпайсың, көрер көзге қызық көп,
Жылда қайтып оралуға, əттең, бірақ, қол қысқа...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter