Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
107
Іші-сыртым түп-түгел тазаланса деп едім....
Іші-сыртым түп-түгел тазаланса деп едім,
Сілекейін жаққанға жаза болса деп едім,
Жұға берді күл-қоқыс, біле алмадым себебін.
Жарық сəуле санамды нұрландырса деп едім,
Санадағы ой əлемді таң қалдырса деп едім,
Қараңғыға қамалдым, біле алмадым себебін.
Жаңалықтар молайып, жол ұзарса деп едім,
Мал өрісі кеңейіп, қол ұзарса деп едім,
Бөгет кетті көбейіп, біле алмадым себебін.
Еңіреген ерлердің жырын жазсам деп едім,
Ашылмаған көмбенің түбін қазсам деп едім,
Қанша қайрат қылсам да, біле алмадым себебін...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter