Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
146
ЕЛДІ САҒЫНУ
Күннің көзін көрмедім көптен бері,
Күнде жауын...
Шығарды шектен мені.
Сағыныштың оты өртеп өзегімді,
Өңмеңімнен өтеді өкпек желі.
Жауын, жауын!
Аспанның көз жасындай,
Тұр басылмай,
Бір ауық күн де ашылмай.
Қара бұлттар көк жүзін торлап алған
Кесек-кесек құйылған қорғасындай.
Құт болып көрінгендей дала маған,
Тəтті бір мұң бойымды аралаған.
Ағыл-тегіл тұр тағы жауғысы кеп,
Ой бұлты да жүректі қамалаған.
Сағынтты ғой жаз жыры, көктем демі,
Күнде жауын...
Шығарды шектен мені.
Көптен бері көрмедім күннің көзін,
Күннің көзін көрмедім көптен бері...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter