Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  120


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Телегей өмір тасқынын

Телегей өмір тасқынын
Бөгей де алмас еш қамал.
Өтіп те кетті жас күнім,
Жақсылық көп пе еске алар?!
Сапарға шықсам жел күні,
Қалмады менде басқа амал.
Жауымның көбі белгілі,
Айналып кеткен дос та бар.
Асығар болса жетуге
Ақ таңнан қара кешке олар,
Тұрғандай жолдың шетінде,
Еңбегі еткен еш болар.
Түсінер мені ағайын,
Біреулер, бəлкім, өш болар.
Айтарымды айтып қалайын,
Ішіме бүксем, кеш болар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу