Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
122
АУДАРҒАН ӘЛЕМ НАЗАРЫН
Қазақтың толмай қазаны,
Айтқанда назым, ғазалын,
Азаймай көрген азабы,
Өзгенің көрген мазағын.
«Маса» болып ызыңдап,
Ақанның салған азаны,
Жендеттің алса мазасын
Жақанның «Оян, қазағы!»
Дұшпанның беріп жазасын,
Нұржанның «Оян, Алашы!»
Оятқан жоқ па қазағын?!
Елімнің бекіп іргесі,
Ағалар бастап ел көшін,
Қыздырып өмір көрігін,
Қайнатқан жоқ па базарын?!
Арқаға салып Астана,
Жастарға беріп баспана,
Аударып əлем назарын,
Қазағым болса тəуелсіз,
Тереңнен ойды қазамын,
Мақтанып жырды жазамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter