Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
118
УАҚЫТ-ҚОНАҚ
Келді ме сыншыл қонақ Уақыт деген?!
Соны күтіп талайдан жатыпты өлең.
Қара дойыр сүйретіп Уақыт кірді, –
қорқып кетіп бір сөзім атып тұрды.
Қонақ емес, қырсық қой мынау нағыз,
бүйтіп келген қонаққа қуанбаңыз.
Қыл тұзағын шұбатып Уақыт кірді, –
бір теңеуім шыңғырып атып тұрды.
Қонақ емес, бір сойқан дүбір кепті,
тып-тыныш көкірегімді дірілдетті.
Жалаң қылыш суырып Уақыт кірді, –
бір сұлу ой селк етіп атып тұрды.
Қонақ емес, мынау бір ұры білем,
мен де қорқып алдында сүрініп ем,
жаздым деп ем не ісім, не тілімнен –
уақыт-ұстаз сипады кекілімнен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter