Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  110


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

ХУНТА

Елім-ай деп есуас та айтады,
халқым-ай деп қарақшы да айтады.
Тыныш жатқан тау мен дала байтағы –
Чили жері, кегің қашан қайтады?
Әрбір баста – басқа қайғы, басқа мұң –
ұмтылып қал, ойлайтындар бас қамын.
Баспалдақтар бір көтеріп тастады
тағы да бір, тағы да бір қасқаны...
Зұлым айтса ар деген сөз өтірік!
Өтірікпен бірікпе, өлең, кет іріп.
Халық атынан ту көтерген – не тірлік,
сол халыққа қиянат қып отырып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу