Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
125
ЭТЮД
Екі беті бір бозарып, бір күйіп,
ұлым кірді төбе-шашы үрпиіп:
– Әке!– деді екі иінімен алқынып,
– Ұлым,– дедім,– ойланып ал, сәл тынық.
– Пионерлер жиынында аудандық
Корваланды босатуға қаулы алдық.
– Дұрыс бопты, дұрыс ұлым, деп қойдым,–
сендей ері бар дүние – көктейді.
Чили халқы – азабы ауыр, соры, шын –
ара түсу – азаматтық борышың!..
Сәбилік-ай!
Көз алдымда «өсті» ұлым,
қаулы сөзін сол күн жиі естідім...
Қорғаймын деп қарындасын тентектеу
шешесінен таяқ жеді кешқұрым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter