Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
133
ШҮКІР, ШҮКІР
Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,
дар арқаны – бір қыл арқан есілді.
Бір ат арба туарылды сол түні,
бір айбалта суарылды сол түні.
Үкім бірақ кетті айналып өлеңге,
өлеңге, ал, дар арқаны – көгенге...
Содан бері өлең жазам дегенде
белгісіз бір толқу тұрды денемде.
Ал, ат арба тезек тиеп жетті елге,
ал, айбалта кетті айналып кетпенге.
Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде
шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter