Өлеңдер ✍️
БАСТАУ
Чили-Орман сайрағанда шымшығы
жаңғырды тас, жапырақтар сыңсыды...
Әлденені қағып жатыр шеге ғып
тоғайдағы тоқылдақтың тұмсығы.
Чили-Чили!– өстіп сайрап торғай жүр,
Кең әлемд жалғыз өзі зордай жүр.
Шыр-шыр қаққан әркімде бар торғай бір,
ей, адамзат, торғайыңды қорғай жүр!
Масқара бұл: бос төгілсе қан жаман,
тасқа-дағы қан жалатты – хал жаман.
Асқары бар, тоғайы жоқ тау жаман,
шырылдайтын торғайы жоқ таң жаман.
Чили, Чили!.. Сол бір түнгі болған іс,
Ол қасірет, ол қателік, ол намыс.
Чили, Чили – қамаудағы жолбарыс,
кісенде – ер, табытта – ақын, торда – құс.
Кірпігінен көздің жасы кеппеген,
өз басына өз билігі жетпеген,
қақ жартысы түрме болып кеткен ел –
бақсыз әйел, батыр жігіт... неткен ел!
Өзін-өзі жаулаған ел, о Тәңірі!
Тұлып иіскер орынына ботаның
саулы інген-ел, о, бақытты ел, сорлы жұрт,
о, тордағы торғайлардың Отаны!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter