Өлеңдер ✍️
ІШ МЫЛЖЫҢЫ
Қанша мылжың болғанымен мына дау
түбі менің пайдамды айтып тынады-ау.
Өрт екен ғой, өрт екен ғой бір алау –
дау үстінде біреуге ұнау, ұнамау.
Дау үстінде көрсетті әркім өз әлін,
сен де создың дауды,
мен де созамын.
Езге есептеп тірлік етсең, есіл ер,
әрбір ісің әділетсіз шешілер!
Жо-жоқ, ашық айтыс емес біздің дау,
одан гөрі жымысқылау, құзғындау.
Жасырмаңдар, бәріңде дау-мұң бар бір:
бұлтпен тартыс-қаны сын-ды шыңдардың;
жапырақ пен желдің жұлқысқанына
өп-өтірік таң қаласың тағы да,
О, қушыкеш, оянғанда ой-ақыл,
сенің-дағы талабың бар қоятын
әрбір жайға, әр пікірге бола тым
қарсылығың бар ішіңнен жанатын.
сөз емес деп сөз айтудың өзі егес.
Рас, қастық – достық жайлы сөз емес,
Үйкеліс пен егестердің заңынан
туады екен күй қағынып, жанып ән.
Өмір деген осы, сірә, мен білсем:
мен біреуге мұңымды айтып сендірсем,
бір әлсізге күш көрсетіп келдің сен.
Жасырмаңдар бәрінде дау-мұң бар бір
бұлтпен тартысқаны сынды шыңдардың,
жапырақ пен желдің, жұлысқанындай –
келеді ол тек дау-жанжал боп танылмай
табиғилық арқасында баяғы
жақсылыққа әкеледі аяғы:
кім жарылса шындық айтып ағынан
бәрібір сол... мен жеңген боп табылам.
Сонда-дағы таусылмайтын көп дау бар
қалыс қалу,
қарсылықтар,
қолдаулар.
Өз көңліме өзім құлақ түрейін,
өз кеудемді өзім жарып кірейін:
алқымдайды бір сезімді бір сезім,
бір ойымды сойып жатыр бір ойым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter