Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  191


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Поэзия

Поэзия
Көбік сөзді көлгірлік
емес,
Таза тұма, мөлдірлік!
Поэзия
Сезімнің пәк тамшысы,
Найзағай шабыт қамшысы,
Ұсынсаң қолы
ң жетпейтін
Заңғарлық пен сеңгірлік.
Поэзия
Жалын құсқан жастарым,
Ақтаратын жүрегінің астарын.
Поэзия
Сырдың сұлу сезімі,
Құдіреттің өз үні,
Таласпайтын,
Жанаспайтын тас-тағың!..
Поэзия
Көбелегі көңілдің,
Жыр боп, Нұр боп төгілдің.
Поэзия!
Тұнжыр түн мен ашық күн,
Махаббаты ғашықтың
Өмір-өзен өрілдің.
Поэзия,
Көз жетпейтін алыстым,
Ғаламында ғарыштың
Көрінбедің... көріндің.
Поэзия
Аңсардың шам-шырағы,
Ай боп балқып,
Күн боп шалқып шығады.
Поэзия
Терезесі көңілдің,
Байқамасаң,
Шырт етеді... Сынады.
Өзегіңде өрілетін өмірдің,
Бақытыңның бұлағы,
Шаттығыңның жыр-әні,
Поэзия болмаса,
Тіршіліктің көзі соқыр,
Тілі мылқау,
Тас керең қос құлағы!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу