Өлеңдер ✍️
Мен жоқтамай...
Мен жоқтамай,
Сен жоқтамай,
ол жоқтамай рухты,
кім жоқтайды ендеше?
Көкбөрінің ұрпағы едің Сен кеше,
Ештеңеге таңқалмайтын ұрпағың
тарихына сенбесе,
ұлтарақтай тозғанынша ұлт
аның,
мәңгүрттікке айырбастап ұлт арын,
күнелтейік пендеше...
Қайыратын ой қанатын,
ұмытатын қойған атын пендешілік пешенесі – күйкілік,
күн кешетін итініп...
Қиял құсы қыр аспайтын,
арманға арман ұл
аспайтын
босағада байлаудағы иті үріп.
Көршімен хал сұраспайтын,
іші-сырты сыр ашпайтын
ошағының отына өзі үйтіліп...
Үмітімді арта алмаймын,
арманымда арқандаймын
пенделіктің ауылынан алшақтап,
Жолдас емес қайдағы мен жайдағы,
көтерілмес байрағы,
күнелтетін күйкілікпен жан сақтап!?
Маған керек күш-қуаттың қайрағы,
сүт бетінің қаймағы,
Қапалақтар,
Жапалақтар ақпандағы қарша аппақ!..
Жоқшымын мен,
топшымын мен– күш құятын қанатқа,
қосыла алман санатқа,
сезінбесем бабалардың киесін...
Тіршіліктің тамұғына күйесің,
итіне бас иесің,
Жаның барып жай тапқанша жанатта,
тыныштығын қарақта.
Маған,
саған,
оған рух жоламайды,
о несі?
Қам көңілді қоралайды,
нарттай жанып өңеші.
Жақсылықтар жоламайды,
кіргенінше Ел есі...
Ант алдында о да қайғы,
аласарып кетсе ұрпақтың өресі.
Тау көтерген Толағайды
күтеміз бе,
Көрінгенше төбесі?..
Бойымдағы намыс қайда,
ар қайда?..
Мәңгүрттіктің мойнын жұлып алмай ма!?
Жора болды сенгенім,
қора болды енгенім,
сор сіркелеп маңдайда...
Күйкілік жүр күйбеңмен,
Қолын жайып үйренген
қайыршылық қылығымен күйленген
тірлік тұрмыс таңдай ма!?
Дүние деген дуадақ
аруақты рухты қуалап,
Шырғалаңда шірітеді шалғайда...
Шөлдеп тұрмын...
бір тамшы су тамбай ма
зәмзәм болып таңдайға?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter