Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
130
Жүрегіңмен
Жүрегіңмен
Жүрегім ымдасады,
Құшағыңмен құшағым жымдасады.
Сағынышты
Сарғайтып сары уайым,
Көңілімнің
Аспанын мұң басады.
Сеніменен
Ай жарық,
Ашық күнім!..
Қуанышың
Қойнымда тасып бүгін,
Оятады
Ұлыңның ұлағатын,
Өмір бойы
өзіңе ғашықтығын.
Саған деген
Ынтығым басылмайды,
Сен дегенде
Жанымда от жасындайды.
Көктемедей
Көркейіп тұра берсең,
Жүрек жүдеп,
Көрмейді басым қайғы!..
Күн астында
Шағылып күміс тағам,
Жазылады
Жан-денем құрыстаған...
Беріктастың
Қонақтап шыңдарына,
Құтымбеттің
Қойнында тынышталам!..
Саған ғана
Ғашқпын ауыл-анам!..
Дауаламас
Дүниенің дауы маған,
Басқалардың
Бір тиын керегі жоқ,
Болсын ой-қыр,
Сай-сала, тауым аман!
Ғашықтығым, өзіңе суымайды,
О дүниеде
Жүрсемде тауып алам..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter