Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  132


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Қайраты тісінде ме...

Қайраты тісінде ме,
күшінде ме,
Тұрады көк бөрінің мысы басып?!
Еркін өмір сүйгені үшін неге
қуалайды,
Тіршілік түсі қашып.
Қайсарлық қанында ма,
жанында ма?
Жүреді жалғыз басын көпке балап.
Мекені мерейленген сағым дала,
ұлыйды егесіне көкке қарап.
Таниды киесіндей Тәңірісін,
Жортады жалғыздықтың жетегінде.
Қасқыр боп табиғатта қалу үшін,
Көксейді бөрі көңіл жеке мүдде.
Тағдырға арбалмайды,
алданбайды,
Сенімі сергелдеңде сірнеленген.
Барақтай босағаға байланбайды,
Тірлігін тәрк етеді дүрбелеңмен.
Бөрі асып барады сұр белеңнен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу