Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  136


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

ƏУЛИЕБАСТАУЫМ-АЙ!

Əулие бастауым-ай,
Ақ малта тастарың-ай.
Апамның құрт езетін,
(Секілді астауындай) (2 рет)
Сенде өскен мал-басым-ай,
Өмірдің жалғасындай.
Көктемгі нажағайың,
(Əкемнің шалмасындай) (2 рет)
Ауылдың төлдеулігі-ай,
Түсетін көлбеу күні-ай.
Керілген кемпірқосақ,
(Шешемнің өрмек жібі-ай) (2 рет)
Бақалы бастауым-ай,
Оқалы жасталың-ай.
Ақтығың басыңдағы,
(Арудың шашбауындай) (2 рет)
Суыңның мөлдірін-ай,
Сұлудың көз нұрындай.
Сағындым, ата жұртым,
(Көзіме көрін бір-ай) (2 рет)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу