Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.06.2022
132
ОСЫ КІСІ
Осы кісі кеп-кеше белсенді еді,
Қайырымды дегенге ел сенбейді.
Тағдырына адамның қатысты іске,
Сыза ғана салатын тар шеңберді.
Ақын деген жандарға жаны өш еді,
Бүлдірер деп ойлайтын қараша елді.
Əр мезгілдің болады «хамелеоны»,
Бейнесіне бүгінгі қарашы енді.
Түсіп алып алдыңа елпеңдейді,
Екі ұртына толтырып жел теңдейді.
Кеше солшыл, бүгінгі оңшылдардың,
Оңайлықпен салмағы өлшенбейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter