file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  300


Автор: Қабиден ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ

Кетті дерсің шекара асып жат елге....

Кетті дерсің шекара асып жат елге,
Мұнда мені қаным айдап əкелген.
«Адам құны ақшада емес елінде»,
Сенбесеңіз сұрап көрші əкемнен.
Жүре алмаймын, апа, сені сағынбай,
Лаулап жүр ғой сағынышым жалындай.
Арқаға кеп арқам кеңіп қалды шын,
Қалтам тесік, бірақ рухым, жаным бай.
Апа, сенде сағынып-ақ жатырсың,
Сезе білген, төзе білген батырсың.
Қыран болып қиян көкке самғаймын,
Мен алатын күтіп алда жатыр шың.
Кетпейді естен кіндік қаным тамған жер,
Күліп-ойнап, кір қоңымды жуған көл.
Тоғызтарау* өзегімде тоқсан мұң,
Қанатынан қырқылып, рухынан ұрланды ел.
Осы бізге тағдыр айдап жеткен күн,
Тағдыр жазса тағзым етем деп келдім,
 Мұның бəрін түсінесің мен айтбай,
Өйткені, апа, сен де қызы текті елдің.




* Тоғызтарау – Қытайдағы жер аты. Туған жері.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу