Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
122
Ақын және өлең
Болсын десең өлеңнің бет-беделі,
Ойы шымыр, түссін сөзі бедерлі.
Қазағым деп келсе менің мақтанғым,
Қара өлеңін айтқым келеді əуелі.
Атырсақ та талай-талай сартаңды,
Өлең жайлы сауатымыз жарты əлі.
Бəйтік Дүйсебаев
Мейлі тауды, мейлі талды жазсаң да,
Қалайда өлең иесіне тартады.
Шүкіршілік, аз қазақтың көбі ақын,
Дуалы ауыз бола берсін, сөзі алтын.
Қалам ұштап зейнеткер қартың да,
Бəйгеге əкеп күнде қосад боз атын.
Қолтығына Ұлы Абай қысатын,
Өлең қайда,
«Сырты күміс, іші алтын».
Бізге дағы бір мықтының айы өтті,
Мұхтарша 1 айтып, анда-санда ұрсатын.
Бұл пəниде қумай ақын ақша, алтын,
Кейі жаяу,
кейі мінер тапса атын.
Өлеңдері араласып қоғамға,
Өлгенде де тыныш жатпайд жақсы ақын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter