Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
129

Найзағай
Найзағай, сенсіз қалай алшындар жер,
Көктемнің көз жанары, жарқылдай бер.
Келемін құдіретіңе еліктеумен,
Жаныма жасқанбайын жақындай көр.
Найзағай, көктемде апам шөміш сермей,
Қуанатын айранын сен ішкендей.
Əзезілдер қалтырап құри берсін,
Төбемнен жарқылдай бер періштедей.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter