Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
137
Бəлкім мен білмейтін шығармын...
Бəлкім мен білмейтін шығармын:
Күннің шар екенін,
Шыңның қар екенін,
Тұман боп торлаған
Мұңның жар екенін –
Басқаша ұғармын?!
Бəлкім мен білмейтін шығармын:
Көңіл нұр екенін,
өмір гүл екенін,
сыр тұнған көктемнің
көгілдір екенін –
басқаша ұғармын?!
Бəлкім мен білмейтін шығармын:
Сезім сел екенін,
Төзім шер екенін,
Алқына ұмтылған
Сөзім тер екенін –
Басқаша ұғармын?!
Бəлкім мен білмейтін шығармын:
Елің – бақ екенін,
Жерің – тақ екенін,
əділге жүгінсе
сенім – ақ екенін –
басқаша ұғармын?!
Сондықтан күлмейтін шығармын,
Ығында жүрмейтін шығармын,
Көзімді ілмейтін шығармын?
…түбі бір ұғармын?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter