Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
179
Мұхит та дала сияқты
Төрінде тұрып кеменің,
Кеудемде күмбір күй ақты.
Құдай-ау,
Мұхит дегенің –
Селеулі далам сияқты!
Тербеліп жатыр,
Теңселіп,
Қиырын жанар құша алмас.
Түсінем, мұхит мен сені,
Шағала қиял тұсалмас.
Сырласып тылсым,
Құрдыммен,
Үйрене алмай етім де.
Даламды аңсап тұрмын мен,
Ендіктің шыған шетінде.
Көкжиек деген көк сызық,
Шайылып кеткен сағымдай.
Көңілде нөсер төккізіп,
Мұңым да тұмар тағынды-ай..
Көлі жоқ жерде…
Туған ем,
Теңізші болу не теңім?
Сіңісіп кетпен суға мен,
Далама қашан жетемін?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter