file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  31.05.2022
  129


Автор: Ескен Елубаев

МЫҚТЫ КIМ?

Қайыржанмен бiлiс пе ең,
Жақын едi арамыз,
Аяғы да жiңiшке,
Денесi де тарамыс.
Бұлшық етiм бiлеудей,
Бойым болса тiреудей.
Iрiлiгiм түйедей,
Жан-ақ едiм бiрегей.
Қорғайтынмын оны мен,
Күштiлерден ептеп те...
Бiр күндерi, сонымен,
Жарыс өтсiн мектепте.
Екi аяқта шаңғымыз,
Қызып алған денемiз,
Артта жоқ қой қалғымыз,
Алға ұмтылып келемiз.
Аяқ тартты ауыршаң,
Қалып жатыр сан белес.
Шаңғышы екен Қайыржан,
Жеткiзетiн жан емес.


Қарамай-ақ əлiне,
Ширақ екен жүрiсi.
Бұрын жеттi бəрiнен
Мəреге де бiрiншi.
Титықтаған денем де,
Мен де жете жығылдым.
Қайыржанның менен де
Мықтылығын ұғындым.
Содан берi досымды
Бала бiткен сыйлайды.
... Қара күштiң
Өзiмдi,
Iске аспауы қинайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу