Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2022
152
ОБАЛ ҒОЙ
Көктемде амал торғайды
Көрсе атқан баланы,
«Мынау, мынау оңбайды» –
Деп мүйiздеп алады.
«Түрiң мынау добалдай,
Сенде қандай ақыл бар.
Торғайды ату обал ғой,
Оған қандай хақың бар...»
Атқа қонсақ жиналып,
Көкпар деген хабар кеп,
«Қаладың, – деп, – қиналып»
Шаппайды атпен «обал» деп.
Ешкiмге де көрмедi
Нақақтан қол көтерiп.
Нанды көрсе жердегi,
«Обал» дейдi көтерiп.
Барлығына жүргенi
Жаны ашып, «обал» деп.
Əдiлеттiк – сүйгенi,
Көргендiгi одан көп.
Жамандыққа жаны қас,
Жақсы iстен тайынбас,
Арамызда осындай
Балалардың бары рас.
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ Көктем обал
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter