Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  145


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Өкіл

– Қайдан келесің?
– Өкілден.
– Қайда барасың?
– Өкілге.
Қымс еткенді орындату өкілмен,
Жұмыстың бұл əдісі емес жетілген,
«Түлкі алмайды қосқан тазы жетектеп»,
Шешу керек мəселені өз бетіңмен.
Жауаптанған жұмысының тағдырын,
Өзі шешсін, өзі істесін, барлығын,
Отырмасын өкіл тосып жаутақтап,
Күтуменен жоғартынның жарлығын.
Жұмыс қалып, алқын-жұлқын аттанып,
Бұрқыратып қырға бара жатқаны,
Қағазбенен толтырып ап папканы,
Бұрқыратып қырдан келе жатқаны.
Мезі болдық өкілдіктен суынып,
Кезі болды безінетін, ұғынып,
Жауыр болды «газиктердің» арқасы,
Ауыр болды қоғамға да шығыны.
«Қыр мен ойда азайтуға өкілді,
Жəне де бір өкіл керек секілді...»
Жетер жолдас! Сөзден іске көшелік,
Көрсет қане: Өз күшің, өз бетіңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу