Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  104


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

О, зеренім, алыстасаң, шеттесең

О, зеренім, алыстасаң, шеттесең,
Мен қайтейін, жүрегіңе жетпесем.
Жаутаң қаққан жанарымды мүсіркеп,
Аяғаннан өппе сен.
Орта кесе мүсіркеумен толмайды,
Махаббатты үміт деуге болмайды.
Есіңе ал, не ұмыт деуге болмайды.
Махаббатты үгіттеуге болмайды.
Тұрады ол - ұшқын атып көзіңде,
Тұрады ол - діріл қағып сезімде,
Тұрады ол - бір жымиған езуде,
Жалғыз ауыз сөзіңде...
Мына екеуміз қатар тұрған жазықтық,
Кедірлі екен, кедірлі екен аз ұқтық.
Біз жүргенде қадірін де біле алмай,
Кетті үзіліп нəзіктік...
Кетті үзіліп, жалғай алар ма екенбіз,
Бір жүректі екі рет алдай алар ма екенбіз...
...Əлі-ақ ұмыт, сезім ғана дір етіп,
Бейтаныстай бас изесіп өтерміз.
О, зеренім, алыстасаң, шеттесең.
Мен қайтейін, жүрегіңе жетпесем.
Жаутаң қаққан жанарымды мүсіркеп,
Аяғаннан өппе сен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу