Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  118


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Алдаспанды нəзіктіктің рас шығар жеңгені...

Алдаспанды нəзіктіктің рас шығар жеңгені,
Атпай - шаппай, соғыспай - ақ жаулап алдың сен мені.
Арулардың ақылына рас шығар сенгені,
Кісен - шынжыр, түрмесіз-ақ тұтқындадың сен мені.
Саған қарап дабырайып, саған қарап жөнделіп,
Қыр соңыңда ішпей-жемей мас боп жүрмін сенделіп.
Өзің-қайғы, қуанышым, өзің жəне өлеңім,
Қайран менің көңілімнің шкаласы-сен едің.
Шанақтағы жалғыз ішек, астыңғы ішек мен едім,
Көмейімде тұнған күйді бір төге алмай келемін.
Қыран да қос қанатымен самғайды бұлт ішінде,
Қос ішексіз өмір жайлы күй туар деп түсінбе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу