file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  31.05.2022
  204


Автор: Ескен Елубаев

БIР КӨШЕНIҢ ФУТБОЛ КОММЕНТАТОРЫМЕН ƏҢГIМЕ

Бiр көшеде тұрамыз,
Ат шаптырым арасы.
Қос команда құрамыз,
Жиналып бар баласы.
«Спартак» бiр команда,
«Динамо» бiр команда,
Бəс тiгiсiп табанда
Шыға келдiк алаңға.
Бермеймiз деп намысты,
Қабақ жауып түнердiк.
Қол алысып,
Ойынды
Бастап келiп жiбердiк.
Ең желаяқ балалар
Шабуылға барады.
Қорғаныста шабандар
Амалсыздан қалады.
Қақпамызда – «Сорақай»,
Қорғаныста – «Пұшық» бар,
Шабуылда – «Солақай»,
«Жираф»,
Өзiм,
«Қисық» бар...
Басталды бiр сұрапыл,
Көтерiлдi қою шаң.


– Доп қайда əлгi ұратын?!
Аласұрдық аюша.
Бiрiн-бiрi «қиратып»
Шекелерiн жарған бар.
Доп орнына
Сирақты
Болды теуiп қалғандар.
«Тасбақа» дəл доп берiп,
«Пұшық» соқты бiр голды.
Жақсы ойнап ол көп-көрiм,
Есеп:
Ноль де бiр болды.
Жау қамалын алғандай,
Бастық дейсiң
«Ураға!!!»
Құлақ бiтiп қалғандай,
Шыдап адам тұра ма?!
Қарсы жақтың жiгерiн
Құм етiп бiз тастадық.
Кеттiк тағы iлгерi,
Шабуылды бастадық.
Шабуылдап,
Алайда,
Ұмыт қалды қорғаныс...
Өкiнгенмен не пайда,
Боласысы болғанда iс.
Қарсы жақтың «Жалағы»
Соғып кеттi бiр голды.
Өзгердi есеп жаңағы,
Есеп:
Бiр де бiр болды...
– «Сорақайың»,
«Пұшығың»
«Солақайың»,


«Қисығың»,
«Жирафың» мен
«Жалағың»,
Кiмдер өзi, қарағым?!
– Балалар ғой барлығы, –
Дедi ол тiптi баптанып. –
Ал əлгiнiң əрбiрi –
Жалған лақап аттары.
– Ау, тұра тұр,
Əңгiмең
Жақсы-ақ екен,
Не дерсiң?!
Балаларға бəрiң де
Ат тағуға шеберсiң.
Ешбiр адам мұныңды
Жақсы екен-ау демейдi.
Айтшы, өзiң шыныңды,
Сонда сенi кiм дейдi?!
Сасып қалды ол əуелi,
Iс қылғандай ұятты.
Қазбалап мен əдейi
Қайта қойдым сұрақты.
Қызарақтап тұрды өзi,
Қашып бердi бұл мықты.
Жанындағы бiр досы
Айтты сонда шындықты.
Дедi ол сұрақ қойған соң:
Шын есiмi – Артықбек,
Бойы аласа болған соң,
Атап кеттiк
«Қортық», – деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу