file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  31.05.2022
  133


Автор: Ескен Елубаев

ҚАЙЫРЫ ШАЙЫР БОЛДЫ

Жапақтың бiр елпеңдеп
Мейiрiмi ұстады.
Қойды айдап келем деп,
Құрақ болып ұшқаны.
Жалқаулығын бетiне
Басатын ел мiн етiп.
Содан ба екен,
өзiне
Кетсе керек сын өтiп.
Қолына ұстап барады
Атасының таяғын.
Жылдам-жылдам алады
Күс-күс болған аяғын.
Шынымен-ақ ұқыпты
Адам бола қалыпты.
Мал алдынан шығыпты,
Салмақты өзi, байыпты.
Бүгiн көңiлi түсiп бiр,
Қолдың ұшын бергенге,
Мал соңынан ұшып жүр,
Быт-шыт қылып бөлгенде.


Көзге түсiп қайтам деп,
Бiрақ Жапақ бүлдiрдi.
Бөтен қойды айдап кеп,
Үйдiң iшiн күлдiрдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу