Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  140


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Сұлулық

Сұлу ғой көк зеңгір түсті аспан,
Сұлу ғой сан тілек ұштасқан.
Сұлу ғой, бəрінен сұлу ғой,
Жұмысшы қолдары күс басқан.
Сұлу ғой наз көңіл, кісілік,
Сұлу ғой бауырмал кішілік.
Ей адам! Мөп-мөлдір арыңды,
Ұсташы, сұлулық күші қып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу