Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
145
Жастық үні
Қалмайын деп өмірден қалыс, жасып,
Тартып барам тартынбай алысқа асып.
Бере жүрші ағайын, ақыл маған,
Аяғымды алмайын шалыс басып.
Жүрегі бар-дамылсыз тасып тұрған,
Көңілім бар-шалқыған асып қырдан.
Талабым бар-тау бұзып, тас жаратын,
Арманым бар-ілгері асықтырған.
Жанарым бар-жалын боп лапылдаған,
Ақылым бар-түспеген арнасына,
Бере жүрші ағайын, ақыл маған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter