Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  102


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Хөх гол

Жері бар ғой, басып туған жердің де,
(Ері бар ғой асып туған ердің де),
Жер жаннаты Хөх гол1 атты жайлау бар,
О, ағайын! Көрмедің бе, көрдің бе?
Жері бар ғой басып туған жердің де.
Жолың болса қарсы алдыңда көлденең,
Жатыр көлдер, көк белестер көлбеген.
Хөх гол – Көк өзен деген жер атауы
Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын 
Кәкей Жаңжұңұлы Жауқазын 
Шығысында Мөнх-хайрхан2 бұлт киіп,
Мұндалайды жан анаңдай кел деген.
Жатыр жайлау көзді тарта көлбеген.
Құшағына неше алуан күй енген,
Жатыр төскей ақбас тауға сүйенген.
Ол-Хөх гол, Алтын бесік, кең жайлау,
Самаласын, сар даласын сүйем мен.
Рухына бұл басымды ием мен.
Кең кеудесін шаттық атты жел ескен,
Көз жіберші гүл жамылған белестен.
Жұмыртқадай аясында шайқалған,
Жайлаудағы қалай шығар ел естен.
О, Хөх гол жер ұйық сен емес пе ең?!
Тау төсіне еркелей кеп асылып,
Жатыр бұлақ көбік шаша асығып.
Көлдер, көлдер ыңырана толқиды,
Жөңкілгендей сұр дөңеске басылып.
Жатыр өзен буырқана асығып!..
Нұрға бөлеп, жырға бөлеп дараны,
Мейірлене күн сұлу да қарады.
Сағым ойнап сары төске жан кіріп,
Қора-қора қойлар қаптап барады.
Жандандырып күллі өңірді даланы.
Суылымен неше алуан жыр құрап,
Желге иіліп, тəжім етіп тұр құрақ.
Үйір-үйір жылқы жатыр жағалай,
Тай-құлындар шапқыласып шұрқырап.
Азан-қазан сан алуан жыр құрап.
Шұбатылып ол тұсы мен бұл тұсы,
Ұшып-қонған көл жағалай жыл құсы.
Əне! Қырда құрығына сүйеніп,
Ат үстінде ағытты əнін жылқышы.
Үнін қосып неше алуан жыл құсы.
Аңдары анау, қалың малмен теңескен,
Қаптай өріп ойлары мен дөңестен.
Уа, Хөх гол! Аялаған анашым,
Мендағы бір құлыншағың емес пе ем!
Көппен бірге еркін өскен, тең өскен!...
Жүзі жарқын жасының да қартының,
Мұндадағы алмас жандар бар тыным,
Мұнда да бар еселі еңбек қайнаған.
Жалындатып жаңа өмірдің қарқынын.
Үлесі ол-жасының да, қартының!
Күй бөлесе кең даланың өзегін,
Жырлай бермей қалайша мен төземін.
Күнде думан-ойын сауық құшағы,
Жайлап отыр өз ауылым-өз елім,
Жарандар-ау, қалайша мен төземін.
Төсімді ашып самал құша шабайын,
Осылайша бір рахат табайын.
Азынатып дүлдүліңді мінгізші,
О, ағайын, ақ көңілді ағайын!
Жыр жолымен жүйіткіте бір шабайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу