Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
30.05.2022
198

ӨЗЕН
Тау басынан,
Құзардан,
Тасты соғып
Бұза алмай,
Тау өзенi
Келедi,
Ойнақтаған
Бұзаудай.
Ал еңiсте ағады
Жайбарақат жұлынбай,
Маң-маң басқан,
Жай басқан
Сүттi сауын сиырдай.
балабақшаға арналған тақпақ балаларға арналған тақпақ Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев тау өзен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter