Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  136


Автор: Марат Нұрқалиев

Ұсақ-түйек

– Оу, бұл совхоздың
Жастары жұмыс істемей ме?
Әлде басшыларының
«Бастары» жұмыс істемей ме?
Шалдардан басқа
Көрінбейді бұл маңайда,
Әлде мұнда
Сақалды сыйламай ма!
– Сіз өйтіп қорламаңыз,
Біз еңбекке
Жастарды көптеп қолданамыз.
Бұлардың жасы 25-тен аспайды,
Жалпы біздің жастар
Еңбектен қашпайды.
– Сақалдары неге өсіп кеткен,
Қабақтары неге түсіп кеткен?
– Жылжымалы шаштараз жоқ,
Оныңыз жазда да, қыста да жоқ.
– Ал монша ше?..
– Біле алмадым оншасын,
Шамасы, пеші тартпайды,
Нешауа, өзен бар, көл бар,
Өте қоймас сүйекке,
Суы әзірше қатпайды...
* * *
Кейбір дала қостарында
Мұндай «ұсақ-түйекке»
Бас ауыртып жатпайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу