Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
133
Күрең күз
Ей, күрең күз, күрең күз
мұңың кімге тыңдалар,
Қаңсып қалған қағыр дала, жылғалар,
Көп сыры бар көп нүктедей тізіліп,
Көкжиекке сіңіп барад тырналар.
Не демекші тырналардың тізбегі,
Ойсырадым олар нені іздеді.
Құлап жатқан жапырақта не сыр бар,
Күңіреніп күреңіткен күздегі?
Қайда кетіп барады олар сызылып,
Бір-бірінен қалар емес үзіліп.
Өмір – пайыз кетіп бара жатқан секілді,
Вагондарын тізіліп.
Уақыттың күн тізбесін парақтап,
Өмір – ине, үлгірмейсің сабақтап.
Менін де алтын уақытым тырнаның,
Қанатында бара жатыр салақтап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter