Өлеңдер ✍️
Арман ару
Сүю деген қиын екен расында,
Әуре болып керегіне еді басында.
Қайғы бұлты көңілімді қаумалап,
Ұласады найзағайлы жасынға.
О, жалған-ай,
Сүю деген қиын екен расында.
Сен мені сүйме мейлі ұнатпағын,
Жақсы еді ғой оданда, о, жалған-ай.
Биік шыңнан итеріп құлатқаның,
Мен сені сағынғанда,
Мұңымды айта алмадым.
Қайғырдым сені аңсап жылап тұрдым,
Қасіреттен айрылып қайта алмадым.
Аққайыңдар,
Шын сүйеме деп мені, сынап тұрдың.
Мен сені сағынғанда,
Көк аспан жылап тұрды.
Құйын жел көтеріп ап, қарғыс атқаң
Қасірет теңізіне лақтырды.
Түнде айдан сұрадым өзің жайлы,
Жан едің ғой әдемі сөзің жайлы.
Сенсіз өткен өмірдің сыйқы құрсын,
Бұдан артық жүрегім төзе алмайды.
Аққуым ең аспанда қалықтаған,
Сағыныштан жанмын ғой жалықпаған.
Мен шатастым бірақ сен шатаспағын
Өмірде жасай бергін анық қадам.
Бірақ менің алғашқы махаббатым,
Сені қалап және де сенде қалған.
Баянсыз болды менің махаббатым,
Тұрағы жоқ екен ғой мына жалған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter