Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
134
Қара жер үнсіз жатып кімді алмаған
Қара жер үнсіз жатып кімді алмаған
Сөздерім жетім, бүгін тыңдалмаған.
Өмірден әлі менің аларым көп,
Әзірше жай адаммын шыңдалмаған.
Әр адам жаратылар заманында,
Жаны жайсаң жақсың да, жаманың да.
Әр адамның ойында бірақ жауап,
Түлкі боп қасқыр да бол заманыңда,
Болмаса, еліңді тап аманыңда.
Не ұттық өзімізді алдағаннан,
Дүниені үсті-үстіне жалмағаннан.
Кезінде қазақ жүзге бөлінгенде,
Ұлан байтақ жеріңді қалмақ алған.
Қытайың ашкөзденіп сұқтанады,
Соны ойлап, ояу көңіл ұйықтамады.
Кейінгі болашақтың қамын ойлап,
Өкінішті қазақтың ұқпағаны.
Өзімізді-өзіміз аясақшы,
Бар заты қытайдыкі, жая сапты.
Сапасыз өзге ел затын, сатқаныңша,
Меңгерген тиімді екен саясатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter