Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  91


Автор: Бекен Әбдіразақов

Балықшыларға

Қаһар шашқан көк теңізге өктем жан,
Қабырғасын көк дауылдың сөккен жан.
Қайығына піл-толқынды жеккен жан,
Елдігіңе, ерлігіңе ырза адам,
Мен де сенің даңқың үшін жыр жазам !




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу