Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  138


Автор: Бекен Әбдіразақов

Таудағы таң

Таң келді алдына ұстап шың-құздарды,
Көміліп тасқын нұрға жұлдыз қалды.
Қойнаулап қоңыр самал есіп кетті,
Кілегей бозша тұман көшіп кетті.
Маужырап мүлгігенде қай-қайдағы үн,
Көтеріп тауды басқа айқайладым.
Тұп-тұнық ауа жарып жаңғырығым,
Мен тұрмын, қарсы ап таудың таңғы нұрын.
О, ғажап, арман қандай биікке ұшқан,
Дүние қалды төмен сүйіп құшқан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу